Accessibility links

Президенттік сайлау қарсаңындағы өзінің ең соңғы апталық радио мәлімдемесінде сенбі күні Джордж Буш сайлаушыларға соңғы өтінішімен қайрылды


Ал оның бәсекелесі Джон Керри болса, егер президент болып сайлансам, президент Буштың ішкі және сыртқы саясатта жіберген қателіктерін жөндер едім, деген.

Джордж Буш өзін бәрібір лаңкестікпен күресіп келе жатқан жетекші деп көрсетті.

-Төрт жыл бойы сіздер менің атқарған жұмысыммен жақыннан таныстыңыздар. Кейде менімен келіспесеңіздер де менің мұрат-мақсатымды, көзқарасымды сіздер жақсы білесіздер. Кімге, қалай дауыс берсеңіздер де бәрібір, сейсенбі күні сайлауға келіп өз қалауларыңызды білдіргендеріңізді өтінемін, - дейді Джордж Буш.

Ал Сенатор Керри, АҚШты қорғап, орта тап үшін аянбай күресетіндігін айттты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG