Accessibility links

Ауғанстанда кепілдікке алынғандар сәрсенбіде өлтірілмек


Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстанда үш қызметкерін ұрлап кеткендерге қайырылып, оларды тез арада босатуды сұрады. "Мұсылман әскері" деген топ АҚШ "Талибан" және "Әл Қаида" ұйымдарының барлық тұтқындалған адамдарын шығарсын, әйтпесе кепілдікке алынған үш қызметкерді өлтіреміз деп сәрсенбінің түскі мезгіліне шейін соңғы мерзім белгіледі. Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстандағы бас өкілі Мануел де Альмейда е Сильва кепілдікке алынғандарға дәрігер көмегі қажет, сондықтан оларды қолма-қол азат еткен жөн, оларға зақым жасамаңыздар деп кеше "Мұсылман әскері" тобына журналистер арқылы үндеу айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG