Accessibility links

Ирақта шайқастар жалғаса түсті


Фаллуджа қаласындағы көтерілісшілерді басуға бағытталған шайқастар кеше жалғаса түсті. АҚШ әскері Фаллуджа қаласындағы нысаналарды зеңбіректерден атқылады. Ирақ бас министрі Ияд Аллауи шетелден келген террористерден Фаллуджа қаласын бейбіт жолмен азат ету мүмкіншіліктері таусылып барады деп сипаттады. Рамади қаласында кеше АҚШ сарбаздары мен көтерілісшілердің арасында шайқас жалғаса түсті. Кемінде жеті адам қаза болуы мүмкін. Бағдад сыртында қарулы азамат оқ атып Ирақ ұлттық гвардиясының екі сақшысын өлтірді. Тикрит қаласында мейманханада кешкісін жарылыс болды, 15 адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG