Accessibility links

2005 жылға ЮСАИД кәсіпкерлікті дамыту жобасына 2 млн. 250 мың доллар қаржы бөлуде

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

Америка Құрама штаттарының үкіметі келесі 2005 жылға ЮСАИД-ың кәсіпкерлікті дамыту жобасы бойынша оны одан әрі жалғастыру үшін 2 млн. 250 мың доллар қаржы бөлуді ұйғарып отыр. Бұл жоба Қазақстанда 2002 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы уақытқа дейін қазақстандық 300-ден аса кәсіпорындар бұл бағдарламаның көмегіне сүйеніп, жұмыстарын жүргізіп келген екен. Алайда мұндай бағдарламалар турасында кейбір кәсіпкерлер мен мамандар түрліше пікір білдіріп отыр.

АҚШ – ның Халықаралық дамыту агенттігінің, яғни ЮСАИД-тың бағдарламасы - Орталық Азиядағы соның ішіндегі Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту жобасы аталған аймақта екі жылдан бері тұрақты түрде жүріп келеді екен. ЮСАИД қаржыландырып, Алматыдағы “Прагма” корпорациясы үйлестіріп отырған бағдарламаның басты мақсаты ісін енді бастаған шағын және орта бизнес кәсіпорындарына көмектесу дейді аталған корпорацияның қызметкері Елена Серебрникова. Оның айтуынша бұл жоба бүгінде Қазақстанның бес аймағында, атап айтқанда Алматы, Атырау, Өскемен, Орал және Павлодар облыстарындағы біршама кәсіпкерлердің ісін жолға қоюға септескен. Жалпы алғанда кәсіпкерлер аталған жобаның көмегімен өздерінің бизнес-жоспарларын тиімді құруға үйреніп, тістері бата бермейтін мәселелер турасында кеңес алады екен. Бұл ретте жобаны Қазақстанда жүзеге асырып отырған “Прагма” корпорациясының қызметкері Елена Серебрникова “негізгі мақсатымыз шағын және орта бизнеспен айналысушыларға кәсіби тұрғыдағы қызметімізді ұсынып, кеңес беру” дейді.

Алайда біз ЮСАИД-тың кәсіпкерлікті дамыту жобасы бойынша, кеңесін тыңдап, көмегін алып, жұмысын жүргізіп жатқан Қазақстандағы 300 – ден астам кәсіпкерлердің бірнешеуімен тілдессек деген тілегімізді Елена Серебрникова қабыл алғанмен, олармен кездесуді ұйымдастыруға ұзақ уақыт қажеттігін жеткізді.

Ал Америка Құрама штаттарының үкіметі келесі 2005 жылға ЮСАИДТ-ың кәсіпкерлікті дамыту жобасы бойынша оны одан әрі жалғастыру үшін 2 млн. 250 мың доллар қаржы бөлуді ұйғарып отырғандығын кәсіпкер Құрманғали Ашанұлы басқаша қабылдайтындығын білдірді. Ешқандай қаржы – қолдаусыз-ақ және кеңес-көмексіз-ақ шағын және орта бизнесін дөңгелетіп әкеткен ол адам алдымен өзіне ғана сену қажет дейді.

Дегенмен кәсіпкер Құрманғали Ашанұлы өз ісін кеңейту үшін үлкен қаржы қажеттігін айтады. Алайда дәл қазір Қазақстанда ондай мүмкіндікті шағын және орта бизнес үшін ЮСАИД-тың жобасы да жасай алуы екіұдай жағдайда дейді Экономика ғылымдарының докторы, профессор Серік Дастанұлы.

Алайда Елена Серебрникова сондай-ақ өздерінен бірнеше қауымдастықтың бағдарламаларын кешенді тұрғыда жүргізетін жобалар үшін гранттар алғанын айтады.

Дейтұрғанмен Қазақстан менеджерлер одағының өкілі Сәбит Төлегенов елде қандайда болса жобаларды ұйымдастырып, нақты нәтижесіне қол жеткізетін мамандардың тапшы екенін айтады.

Жалпы біз тілдескен кәсіпкер мен мамандар елдегі шағын және орта бизнесті дамыту жолындағы қандайда қадамдардың құптарлық екенін айтады.
XS
SM
MD
LG