Accessibility links

Украинадағы президент сайлауында премьер-министр Виктор Януковичтің 41.5 дауыс, ал оның басты қарсыласы – батысшыл оппозицияның лидері Виктор Ющенконың 39.14 пайыз дауыс жинаған


Украинада сайлаушылардың асқан белсенділігімен өткен кешегі президент сайлауында берілген дауыстардың 94 пайызын есептеген Орталық сайлау комиссиясы – премьер-министр Виктор Януковичтің 41.5 дауыс, ал оның басты қарсыласы – батысшыл оппозицияның лидері Виктор Ющенконың 39.14 пайыздан сәл аз дауыс жинағанын хабарлады. Ақырғы қорытынды таяу уақытта жариялануға тиіс. Янукович алғашқыда 67 пайызбен ат басы алда келді де, бірте-бірте кейін шегінді. Бақылаушылардың пікіріше, бірде-бір үміткердің 50 пайыздан көп дауыс ала алмауына байланысты, президент сайлауының 2 турын өткізу керек боады. Екі лидердің штабы да дауыс беру барысында өрескел заңсыздықтардың орны болғанын мәлімдеп отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG