Accessibility links

“Палестинаны азат ету Майданы” Тель-Авивтің базарындағы бүгінгі жарылысты өз жауапкершілігіне алды


Палестинаны азат ету Майданы Тель-Авивтің базарындағы бүгінгі жарылысты өз жауапкершілігіне алды. Израиль үкіметінің хабарлауынша, Тель-Авивтің орталығындағы базардың сыртында жанкешті-лаңкестің бүгін жүзеге асырған жарылысы салдарынан кем дегенде 4 адам қаза болып, 30 кісі жараланды. Израиль теледидарының хабарлауынша, полицейлер жанкешті-лаңкестің денесін өлгендердің арасынан тапқан. Палестина үкіметі бұл лаңкестікке наразылық білдірді. Бұл қастандық өткен қыркүйек айынан бері Израильде жүзеге асырылған бірінші лаңкестік шара.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG