Accessibility links

М.Ахтисаари: Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Ұйым Өзбекстанда 26 желтоқсанда өтетін парламент сайлауына оппозициялық партиялардың қатыса алмауына Ұйым өкініш білдіреді


Бүгін Өзбекстанның Қоқан қаласында бірнеше мың адам наразылық шеруіне шықты. Импорттық тауарларға салықтың жаңа түрін салу туралы нұсқауға наразылық білдірген 2 мыңға жуық адам, басым көпшілігі әйелдер, жолда милицияның бірнеше автокөлігін төңкеріп, жергілікті әкімшілікті таспен атқылады. Бүгін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Ұйым төрағасының өкілі Марти Ахтисаари Өзбекстанның сайлау комиссиясы өкілдерімен кездесуінен кейін 26 желтоқсанда өтетін парламент сайлауына оппозициялық партиялардың қатыса алмауына Ұйым өкініш білдіреді деп мәлімдеді. Сайлауға 5 партия түспекші, бірақ барлығы да президент Ислам Кәрімовтің саясатын қолдайтын партиялар.

AzattyqTV

Мамайды қолдаушылар

Белсенділерді полиция ұстады

XS
SM
MD
LG