Accessibility links

ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі және НАТО-ның бірлескен бақылаушылары миссиясы Украинадағы әлі толық аяқталмаған президент сайлауы – демократия стандарттарына лайық өтпеді деп мәлімдеді


Бүгін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтыматастық жөніндегі Ұйым, Еуропа Кеңесі және НАТО-ның бірлескен бақылаушылары миссиясы Украинадағы әлі толық аяқталмаған президент сайлауы – демократия стандарттарына лайық өтпеді деп мәлімдеді. Аталмыш топтың пікірінше, мемлекетке қарайтын баспасөз құралдары негізгі екі үміткердің бірі – премьер-министр Виктор Януковичке басым қолдау көрсетті және ресми билік оппозицияның ісіне кедергі жасап, сайлауға араласты. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Ұйымның Киевтегі миссиясының жетекшісі Брюс Джордж: “Өзіміздің алған мәліметтеріміздің негізінде біз - Украинадағы 2004 жылғы президент сайлауы – демократияның еуропалық стандартарына негізінен сай болмағанын атап көрсетуге мәжбүр боламыз”, -деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG