Accessibility links

БҰҰ Палестина басшылығын терроримзді тоқтатуға шақырды


Тель-Авив базарында кеше палестиндік жас бала бомбалық шабуыл жасады, өзімен бірге төрт адамды өлтірді. Ондаған адам жарақат алды. Израил бас министрі Арриель Шарон Палестинаның науқастанып қалған басшысы Ясир Арафат шетелге емделуге кеткелі бері Палестина басшылығы басқа жолға түскен жоқ, шабуыл осыны айғақтайды деп сипаттады. Палестина басшылығы қарулы соғысушыларды тоқтату керек, - деді мұның сыртында Біріккен Ұлттар Ұйымы. Палестина басшылығы шабуылға сөгіс айтты. "Палестинаны азат ету Халық майданы" деген ұйым Тель Авивтегі шабуылды Наблус қаласында орналасқан Асқар босқындар ауылындағы бала жасады деді. Израил әскері бұдан соң Наблус қаласына кірді, қақтығыста үш палестиндік азамат қаза тапты. Ясир Арафаттың денсаулығы жайында Палестина ресми өкілдері оптимистік хабар айтады. Ясир Арафат Париж әскери ауруханасында науқасының себебін анықтап жатыр жұма күнінен бері.
XS
SM
MD
LG