Accessibility links

Енді бірнеше сағаттан соң АҚШ-та сайлау басталады


Социологиялық зертеулер екі үміткер – президент Джордж Буш және сенатор Джон Керридің тең келе жатқанын көрсетеді. Буш және Керри сайлау алды нәсихаттың соңғы күнінде сайлау аса үлкен текетіресте өтеді делінген штаттарда сөз сөйледі. Буш туған мекені Техас штатында дауыс береді, Керри туған мекені Бостон қаласында дауыс береді. Сайлауда 100 миллионнан астам американдық дауыс береді деп күтіліп отыр. 32 штатта мерзімнен бұрын дауыс беруге рұқсат етілген, миллиондаған азамат дауыс беріп үлгерді осы күнге шейін. 50 штаттың 34-де сенаторлар сайланады сонымен қоса. Өкілдер палатасынада барлық 435 депутаты сайланып жатыр. Бұрмалаушылықтарға жол бермеу үшін Республикандық партия да, Демократиялық партия да мыңдаған адвокатты жалдады. Сайлауды Еуропады қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 90 шақты бақылаушысы қадағалайды.
XS
SM
MD
LG