Accessibility links

Иран президенті Мохаммад Хатами елдің ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жанжал бойынша ЕуроОдақпен арадағы келіссөздің жемісті аяқталатынына сеніммен қарайды


Иран президенті Мохаммад Хатами елдің ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жанжал бойынша ЕуроОдақпен арадағы келіссөздің жемісті аяқталатынына сеніммен қарайды. Вашингтон - Теһранның ол бағдарламасын астыртын түрде ядролық қару жасау бағдарламасы деп қарастырып отыр. Бүгін Теһранда журналистермен кездесуінде М.Хатами: “егер ЕуроОдақ Иранның бейбіт ядролық бағдарламасын жүзеге асыру құқын мойындаса, Теһран жойқын қару жасауға көздемейтініне әлемнің көзін жеткізеді”, -деп мәлімдеді. ЕуроОдақ Иранға уранды байыту бағдарламасын доғаруға осы айдың соңына дейін уақыт берді, басқаша жағдайда БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі Теһранға қарсы жаза қолдану мәселесін қарауы мүмкін.
XS
SM
MD
LG