Accessibility links

Украинаның Орталық сайлау комиссиясы жексенбілік президент сайлауының нәтижесін жариялауды тоқтатып, берілген дауыстардың қалған 5 пайызының нәтижесі не болды? –деген сауал туғызып отыр


Украинаның Орталық сайлау комиссиясы өзінің Интернеттегі парақшасында жексенбілік президент сайлауының нәтижесін жариялауды тоқтатып, берілген дауыстардың кеше жарияланған 94 пайызынан басқа қалған 5 пайызының нәтижесі не болды? –деген сауал туғызып отыр. 94 пайыз дауыстың кеше жарияланған нәтижесіне сәйкес, қазіргі премьер-министр Виктор Янукович 40 пайызға жуық, оның негізгі бақталасы Виктор Ющенко – 39 пайыздан сәл көп дауыс жинаған. Орталық сайлау комиссиясындағы оппозиция өкілі Юрий Кличковскийдің пікірінше, есептелмеген 5 пайыз дауыстың нәтижесі есепке алынса – Ющенко 350 мың дауысты артық алар еді.
XS
SM
MD
LG