Accessibility links

БҰҰ-ының Ауғанстандағы өкілдігінде жұмыс атқарған үш шетелдікті кепілдікке байлап алып кеткен “Ислам армиясы” тобы оларды босатушылармен келіссөз өткізді


БҰҰ-ының Ауғанстандағы өкілдігінде жұмыс атқарған үш шетелдікті кепілдікке байлап алып кеткен “Ислам армиясы” тобы оларды босатушылармен келіссөз өткізді. Ислам тобы жағынан келіссөзге қатысқан Саид Халид: “жуырда оның нәтижесін тосамыз” дегеннен басқа, келіссөз барысына түсінік беруден бас тартты. БҰҰ-ының атынан өткен айда Ауғанстанда өткен президент сайлауына атсалысқан Солтүстік Ирландия мен Косово өлкесінен келген 2 әйел мен филиппиндік ер кісіні “Ислам армиясы” тобы өткен бейсенбі күні күндіз Кабулда байлап алып кетіп, қамауда отырған тәліптер мен “Әл-Қаида” жасақтарын дереу босатпаса, тұтқындарды өлтіреміз деп ескертті.
XS
SM
MD
LG