Accessibility links

ЕуроОдақтың сыртқы істер министрлері ЕуроОдақ жетекшілерінің осы аптаның соңында өтетін бас қосуына дайындалу үшін бүгін Брюссельде жиналды


ЕуроОдақтың сыртқы істер министрлері ЕуроОдақ жетекшілерінің осы аптаның соңында өтетін бас қосуына дайындалу үшін бүгін Брюссельде жиналды. 4-5 қараша өтетін бұл бас қосуда ЕуроОдақ ішіндегі реформалардың экономикалық мәселелері талданады деп күтілуде. ЕуроОдақ лидерлері, сондай-ақ, Ираққа көмек беру мәселесі мен Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі ахуалды қарастыруға тиіс. Журналистермен бүгінгі кездесуі кезінде неміс сыртқы істер министрі Йошка Фишер - жұма күні Ирақтың уақытша премьер-министрімен кездесіп, Ирақтың құқық қорғау мекемесі мен заң жүйесіне көмек беруді ұсынатынын мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG