Accessibility links

Украинада өткен президенттік сайлаудың алғашқы нәтижесін Орталық сайлау комиссиясы бүгін сәрсенбіде жариялауы тиіс


Бұл арада президенттіктен үміткерлер – Украина бас министрі Виктор Янукович пен оппозиция жетекшісі Виктор Юшшенко қарашаның 21інде болатын қайта сайлауға дайындықты бастап жіберді.

Юшшенконың одақтастарынан Юлия Тимошенко сейсенбі күні парламент алдында, -Үміткер Бас министр Виктор Янукович ешқашан Украинаның президенті бола алмайды, себебі Виктор Юшшенко сайлаудың алғашқы айналымында президент болып қойған, - деген .

Ал Орталық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Давидовичтың парламентке айтқанындай, комиссия Украинадағы президенттік сайлау қорытындысын сейсенбі күні жариялауы тиіс болатын. Әзірше Янукович үшін 39.8 пайыз, ал Юшшенко үшін 39.2 пайыз дауыс берілгендігі анық болып тұр. Бұл арада сейсенбі күні Киев көшелерімен шеруге шыққан 2000дай Юшшенконың қолдаушысы Парламент ғимараты маңайына келген. Олар сайлауда заңсыздықтар орын алды деп наразылық білдірген.

Еуропалық бақылаушылар және АҚШ мемлекеттік департаментінің пікірінше, сайлаудың бұл айналымында бұрмалаушылықтар болып, демократия талаптарына жауап бере алмаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG