Accessibility links

Америка Құрама Штаттарынның сайлауы мәресіне келіп жетті. Ең шалғай штаттарда Гаваи және Аляскада ең соңғы сайлау бөлімшелері Астана уақыты бойынша сәрсенбінің күндізгі сағат 11-де жабылды. Кемінде 121 миллион сайлаушы дауыс береді деп болжамданған жалпы. Бұл күні АҚШ-та тек президент емес, конгресте сайланды.

Сайлауда халық белсенділігі осы жолы аса ерекше болды. Осыдан төрт жыл бұрын өткен сайлауға шамамен 106 миллион адам келген еді. Америка саяси дәстүрінде президенттікке кандидаттар үгіт-нәсихат шаруаларын дауыс беруге бір күн қалғанда тоқтатады. Бірақ осы жолы дәстүр бұзылды, Джордж Буш пен Джон Керри сейсенбі күні бір қатар мәлімдеме жасады. Буш туған мекені Техас штаты Кроуфорд қаласында тәңертен дауыс берді. Буштың журналистерге айтқан сөзі салмақты көрінді:

- Мен жеңіске жетемін деп ойлаймын. Сондықтан қызметімді жалғастырып, елді басқара бере аламын, елді біріктіре аламын. Америка қауіпсіз, байып жатқан, алға нық басып отырған ел болады деген сенімді шаруаларды күн тәртібіне қойып, атқара аламын деп білемін.

Джордж Буш мәлімдемесін жасаған соң Огайо штатына бет алды, саяси бәсеке осы аймақта аса қызу өтеді деп болжамданған болатын. Джон Керри сейсенбі күні алдымен Уисконсин штатында митингте болды, митинг дауыс беруге тіркелмеген сайлаушыларды науқанға қатыстыруға бағытталған еді. Бұдан соң ол туған мекені Массачусетс штаты Бостон қаласына барып, дауыс берді. Сайлау бөлімшесінде Джон Керри журналистерге мәлімдеме жасады, 2-ші қараша күні америка қоғамы бүкіл әлемге өзінің нақты демократиясын танытатын күн болуға тиіс, сонымен қатар еліміздің бағытын дұрыс жолға қоямыз деді:

- Президент екеумізде елімізді жақсы көреміз, бұл шынында маңызды нәрсе. Халық үйлерінен шығып, дауыс беріп жатыр, елімізге сүйіспеншілігін танытып жатыр. Бұл да шынайы маңызды жағдай. Халықтың кімге дауыс бергені маңызды емес, халықтың сайлауға қатысып отырғанын қалаймыз біз.

Республикандық партия да, демократиялық партия да сайлау қортындылары тез арада белгілі болмайды деп отыр. Екі бақталас партияда мыңдаған адвокат жалдады, науқан барысында дау-дамай болса қанша уақыт керек болса сонша уақыт соттасуға дайын. Ең соңғы социологиялық зерттеу Буш пен Керридің мүмкіншіліктері тең екенін көрсетті, олардың әр қайсысы 49 пайыз дауыс алуы мүмкін. Тәуелсіз кандидат Ралф Нейдер 1 пайыз дауыс алады деп болжамданды. Демократиялық партиядан вице-президентікке түсіп отырған Джон Эдуардс сейсенбі күні тәңертен телекомпанияға сұхбат бергенде болжам айту мүмкін емес, күтпеген жағдайға тап боламыз деді. Бұл демократия жемісі екенін көретін боламыз, - деді Джон Эдуардс.

АҚШ сайлау жүйесінің ерекшелігі – халық сайлауының сыртында Сайлаушылар өкілдерінің алқасында дауыс беріледі. Алқада 538 сайлаушы өкілдері болады, олар президентті жеке сайлайды. Президент болып басым көпшілік дауыс жиған үміткер танылады. Демек, бағы жанған үміткер халық сайлауында көпшілік дауысқа ие болу керек, Сайлаушылар өкілдері алқасында кемінде 270 дауыс жинауға тиіс. 2-шы қарашада американдықтар президенттің сыртында парламент өкілдерін сайлады, сенаттың 34 депутататы, өкілдер палатасының 435 депутаты сайлады. 11 штатта губернатор яки әкім сайлауы өтті мұның сыртында.
XS
SM
MD
LG