Accessibility links

Жұма күні Қазақстанда Қасиетті Құранды мәнерлеп оқитын азаматтың есімі анық болады

  • Гүлмира ХАМЗА

Қарашаның 3 күні Алматыдағы бас мешітте Құран кәрімді мәнерлеп оқитын азаматтар арасында екінші республикалық жарыс өтті. Екі күнге созылатын бұл байқауға 60-қа жуық азамат қатысып жатыр. Олардың арасынан озып шығатын жеңімпаз жұма күні анықталады.

Құран кәрімді мәнерлеп оқуды 16 жасар Әлі Қасан бала кезінен үйрене бастаған. Әлі Қасан мұндай байқауға алғаш рет қатысып отыр, себебі мұндай байқау бар болғаны екінші рет ұйымдастырылып жатыр.

Қазақстанның діни басқарма жетекшісі, бас муфтий Әбсаттар қажы Дербісәлінің пайымдауынша, мұндай байқауды олар Қадір түні қарсаңында ұйымдастырып отыр.

Әбсаттар қажы Дербісәлі, Қазақстанның діни басқармасының бас муфтиі:

-Байқау үш деңгейде ұйымдастырылып жатыр. Қасиетті Құран кәрімнің 5 парасын, 10 парасын немесе 30 парасын жатқа білетіндер. Бұл байқауға республикамыздың солтүстік облыстарында тұратын балалардың қатысқанына біз қаунып отырмыз. Байқауда озып шыққандарға әзірлеген сыйлықтарымыз да бар.

Арнайы ұйымдастырылған байқауда 60-қа жуық бала бағын сынайды.

Қазақстанның діни басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Оңғар қажының айтуынша, Құран кәрімді мәнерлеп оқитын балаларды кәсіби білімі жоғары мамандар сынайды. Оңғар қажы, Қазақстан діни басқармасының баспасөз хатшысы:

-

Әділқазылар алқасы құрамында тәжірибелі діндарларымыз, діни басқармада жұмыс істейтін қызметкерлеріміз бар, бас муфтидың өзі басшылық етеді. Сонымен қатар, бұл балаларды халықаралық байқауларда жеңіске жеткен қарилар сынайды, өз бағаларын береді.

Қасиетті құран кәрімді мәнерлеп оқитын балалар арасындағы жарыс алғаш рет 4 жыл бұрын болған. Бұл байқауда үлкен жетістікке жеткен кейбір балалар, халықаралық байқауларда жоғарғы орынға ие болған, -дейді Қазақстан діни басқармасының баспасөз хатшысы Оңғар қажы. Болашақта Қазақстанда Құранды мәнерлеп оқығысы келетін балаларға арналған мектеп ашылады. Онда келемін деген балар 5-6 жасынан қабылданады. Ал 16-17 жастан асып кеткен, балалардың мұндай мектепке алынуы екі талай. Себебі оларға Құранды жатқа үйрені қиынға түселі,- дейді мамандар.
XS
SM
MD
LG