Accessibility links

Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар АҚШ-тағы президент сайлауына байланысты өз пікірлерін білдіруде


Америка Құрама Штаттарында президент сайлауы мәресінің аяқталуы Қазақстанның үшінші шақырылған Парламентінің бірінші сессиясының ашылуымен тұстас келді. Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар АҚШ-тағы президент сайлауына байланысты өз пікірлерін білдіруде. Депутаттар билік басына республикандық немесе демократиялық партия өкілі келсе де бұл елдің жүргізіп отырған саясатында айтарлықтай өзгерістер бола қоймайды деседі.

Парламент Мәжілісінің депутаты Амангелді Таспихов АҚШ-тың қазіргі президенті Джордж Буш қайта сайланса, әлсіз елдерге көрсетіп отырған қоқан-лоқы саясатынан бас тартатын шығар. Өйткені, Буштің қазіргі саясаты ешкімнің көңіліне жақпайды деген пікірді айтты. Ал, билік басына демократиялық партия өкілі Джон Керри келген күнде оның Қазақстанға ешқандай әсері болмайды, дейді депутат Таспихов.

Депутат Мұрат Каримовтің пікірінше, Америкадағы республикандық және демократиялық партия бір монеттің екі жағындай бірдей. Сондықтан олардың саясаты өзгере қоймайды. Олардың барлығының ойы мүмкіншілік болса Американың байлығын тарату. Американың долларының әсерін әрбір елдерге жіберу, содан өздеріне пайда алу. Меніңше, оларда сол саясат қалады. Бір адам өзгергенмен өкімет өзгермейді, халық өзгермейді. Саясат көбіне-көп өзгермейді. Америкаға Қазақстан керек. Бізде байтақ мұнай, түрлі-түсті металдар бар. Оның барлығы оларға керек. Сондықтанда Қазақстанға олардың көзқарасы өзгермейді ғой деп ойлаймын, дейді.

Депутат Асқар Бейсенбаев Буштың орнына Керри келсе, Қазақстанға ықпалы қандай болатыны жайында айтуға әлі кейінірек. Себебі, оның қандай ұстанымы болатыны белгісіз. Меніңше, Қазақстанға көзқарасы өзгере қояды деп ойламаймын, дейді.

Ал, Қазақстан Президентінің кеңесшісі Ермұхамбет Ертісбаев біздің Америка Құрама Штаттарымен ұзақ мерзімдік стратегиялық келісіміміз бар, бұл демократтардың немесе республикандықтар жеңуіне байланысты емес дегенді айтты.

Депутат Амалбек Тшан демократиялық жолда дамып жатқанымыз белгілі. Егер сол шын мәнінде демократиялық даму болатын болса онда олардың бізге деген көзқарасы дұрыс болады, дейді. Конституциялық кеңестің мүшесі Қабылсаят Әбішев Қазақстан халықаралық саясаттың бір субьектісі ретінде дербестік сақтайды. АҚШ президенттігіне сайлауда қай партия басшысы билікке келсе де Қазақстан мен арадағы қатынас заңдармен және ратификацияланған халықаралық шарттармен реттеледі.

Америка мемлекетінің бір ерекшелігі фаризмалық немесе этнофорумдық бір тұлға келсе бүкіл мемлекеттің саясаты, мемлекеттік аппараттың қызметінің бәрі жаңағы сол бір адамға тәуелді болып, сол адамның бағытына өзгеріп кететін үрдіс жоқ. Америка президенті келеді, кетіп жатады. Бірақ Америка мемлекетінің мүддесі өзгермейді. Біз Америка саясатына байыппен қарап, тек заңмен мәдениетті түрде жалғастыруымыз керек. Ал, қай партия өкілі жеңсе де ол америка халықының таңдауы деп есептеймін. Халық биліктің көзі ретінде оның таңдауын біз мойындауымыз керек дейді.
XS
SM
MD
LG