Accessibility links

Ирақтағы жаугер топ Ирақтың қарулы күштерінің жоғары лауазымды өкілін дарға асқанын мәлімдеп, оның бейнесюжетін Интернеттегі сайтынан көрсетті


Ирақтағы жаугер топ Ирақтың қарулы күштерінің жоғары лауазымды өкілін дарға асқанын мәлімдеп, оның бейнесюжетін Интернеттегі сайтынан көрсетті. “Әл Ансар Әс-Сунна Армиясы” деп аталатын топтың мәлімдеуінше, Хусеин Шунан АҚШ армиясының көтерілісшілерге қарсы Мосул қаласындағы соғыс қимылдарына атсалысқан көрінеді. Ливан компаниясының Бағдадтағы кеңсесінде АҚШ-қа жұмыс істеген ливан азаматы ұрлап әкетілді. Бүгін, сондай-ақ, белгісіз қаскүнемдер Ирақтың мұнай өнеркәсәібі министрлігінің жоғары лауазымды өкілін атып кетті. Ирақтың ішкі істер минисрлігінің өкілінің айтуынша, Хусеин Әли – үйінен қызметіне шыға берген жерінде оққа ұшқан. Оны өз үйінің маңайында атып кетті.
XS
SM
MD
LG