Accessibility links

АҚШ-тағы кезекті президент сайлауында Дж.Буш 254 дауыспен алда келеді, ал 252 дауыс жинаған Джон Керриді одан сәл кейін қалып тұр


Бүгін Ақ үй президент Дж.Буштың кешегі президент сайлауында жеңіске жеткеніне сенімді екенін мәлімдеді. Огойо штатындағы сайлаушылардың 20 өкілінің дауысын екі үміткердің қайсысы алатыны белгісіз. Ол дауыстар демкорат Джон Керриге де, республикашыл үміткер Дж.Бушқа да сайлаушылар өкілдерінің 270 дауысымен жеңіске жетуіне толық мүмкіндік беруі мүмкін. Әзірше Дж.Буш 254 дауыспен алда келеді, ал 252 дауыс жинаған Джон Керриді одан сәл кейін қалып тұр. Ақ үй әкімшілігінің жетекшісі Эндрю Кард Дж.Буштың Огайо штатындағы жеңісі күмәнсіз деп мәлімдеді. Оның айтуынша, аталмыш штатта Дж.Буш 140 мың дауыспен көш бастап келеді.
XS
SM
MD
LG