Accessibility links

Қазақстанда АҚШ долларының бағамы төмендеуде


Қазақстан қор биржасының ақпарат және талдау бөлімінің бастығы Андрей Цалюк, АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамының төмендеуінің бір факторы ретінде Қазақстаннның сыртқа шығаратын шикізат өнімдерінің, әсіресе мұнайдың әлемдік рыноктағы бағаларының өсуімен түсіндіреді.

- Ең басты фактор – Қазақстанның басты экспорттық өнімдеріне бағаның жоғарылауы болып табылады, әсіресе мұнай бағасының жоғарылауы үлкен рөл атқарады.

АҚШ долларының бағамы “Қазақстан қор биржасында” қазан айынының ортасынан бастап тұрақты түрде төмендеп келеді. Қазақстанның Ұлттық банкінің бейсенбі, қарашаның 4-і күнгі валюталардың ресми бағамы бойынша, 1 АҚШ доллары. өткен валюта саудасымен салыстырғанда. 15 тиынға құлдырап, 131 теңге 60 тиынды құрады. “Қазақстан қор биржасының” ақпарат және талдау бөлімінің бастығы Андрей Цалюк, АҚШ доллары курсының төмендеуі екінші жағынан АҚШ долларының девальвацияға ұшырауына да байланысты деген ой айтады.

-

Доллардың девальвациясы да, оның бағасының түсуіне үлкен себепші болды.

Экономист Еділ Нұрпейіс бұл оймен келіспейтінін айтады. Оның айтуынша, бұл АҚШ үкіметінің өз экономикасын біраз реттеп алу мақсатында жасап жатқан шараларының бірі болып табылады.

-

Бұл АҚШ доллары девальвацияға ұшырады немесе теңге өз позициясын күшейтті деген сөз емес. Біз 1-2 жыл бұрын 1 долларды 157 теңгеге сатып алсақ, 2003 жылы 144 теңгеге сатып алдық. Енді ол менің ойымша 131 теңге деңгейінде болады. Кезінде АҚШ өз валютасын қымбатқа сатып қор жинап алды, енді АҚШ сол ақшасын бізден арзанға сатып алып жатыр. Сарапшы экономистер, АҚШ долларының құлдырауы ең алдымен қазақстанның экспорт бағытында жұмыс істейтін кәсіпорындарына тиімсіз дегенді айтады. “Қазақстан қор биржасының” ақпарат және талдау бөлімінің бастығы Андрей Цалюк, есесіне шетелден тауар әкелетін кәсіпорындар үшін теңгенің күшеюі оң ықпал етеді дейді.

Түркия мен Қырғызстаннан тауар таситын Наталья есімді кәсіпкер, АҚШ доллары бағасының түскенінінің судаға, тауар бағалларына еш әсер етпегенін айтады.

- АҚШ доллары бағамының түсуінен біз ешқандай пайда көріп жатқан жоқпыз.

Аяқ-киім саудасымен айналысатын Ерік Боранқұлов та осындай пікірде.

- Біздің тауарларға АҚШ долларының арзандауы ешқандай әсер етпеді.

Ал Қазақстандағы АҚШ доллары курсының төмендеуінің, қарапайым Қазақстандықтардың қалтасына қаншалықты әсер еткендігі жөніндегі сауалға азаматтар мынандай пікір білдіреді.

-

Мен АҚШ доллары қара базарда 170 доллар болған кезде жұмысқа кіргенмін, ал қазір 131 теңге, әрине біз ұтылып жатырмыз.

-

Мен өзім кафель саламын және жұмысым АҚШ долларымен есептеледі, сондықтан оның бағасының түскені маған қолайсыз.

-

Өз басыма ешқандай әсер еткен жоқ. Қазақстанда тұрғандықтан, жалақымды теңге есебінде аламын, барлық жағдайда теңгемен есеп айырысамын. Алматыдағы валюта айырбастау орындарындағы сатып алушылардің бірі АҚШ доллары курсының төмендеуіне байланысты оны сатып алушылар көп десе, екіншілері ешқандай өзгеріс жоқ дегенді айтады.

-

Ешқандай өзгеріс жоқ, күндегідей.

-

Меніңше, АҚШ долларын алушылар көп секілді.

Валюта айырбастау орынында істейтін Сергей есімді азамат, АҚШ доллары курстарының өсуі немесе құлдырауынан біз еш пайда таппаймыз. Ең қолайлысы, валюта нарығындағы тұрақтылық дегенді айтады.

-

Бүгін арзан деп қызығып, АҚШ долларын көп сатып алсақ, ертеңіне оның курсы тағы да түссе, біз шығынға отырамыз. Сондықтан валюта курсында тұрақтылық болғаны жақсы.

АҚШ долларының Қазақстандағы ең жоғарғы курсы 2002 жылы болды. Қазақстан Ұлттық банкі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, ол кезде Қазақстан Ұлттық банкі 1 АҚШ долларының ресми бағамын 155 теңгеге бағалаған. Қазақстан Ұлттық банкі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2003 жылдың басынан бастап Қазақстанда АҚШ доллары курсының төмендеуі басталған. Қазақстан қор биржасының ақпарат және талдау бөлімінің бастығы Андрей Цалюк АҚШ долларының курсы, Қазақстанда алдағы бірнеше ай бойында да төмен деңгейде болады деп отыр.
XS
SM
MD
LG