Accessibility links

Ауғанстандағы тұңғыш президент сайлауында Хамид Қарзайдың негізгі бақталастары оны президент деп мойындады


Ауғанстандағы тұңғыш президент сайлауында Хамид Қарзайдың жеңіске жеткенін оның негізгі бақталастары мойындады. Күні кеше АҚШ қолдап келген уақытша президент Хамид Қарзай сайлаудың жеңімпазы болып жарияланды. Оның басты қарсыласы Юнус Кануни 9 қазандағы сайлаудың нәтижесін ұлт мүддесі үшін мойындайтынын мәлімдеді. 55 пайыздан астам дауыс алған Х.Қарзайға қарағанда, сайлауда 16 пайыз дауыс жинаған Кануни мен басқа да бақталастары Хамид Қарзайды президент деп мойындайтындарын мәлімдеп отыр.
XS
SM
MD
LG