Accessibility links

Бағдадтан 50 шақырым қашықтықтағы Искандирия қаласында Ұлттық ұланның патруліне бомба қойылған автокөлікпен соққы берілді


Ирақтың ішкі істер министрлігі өкілінің хабарлауыншае, Бағдадтан 50 шақырым қашықтықтағы Искандирия қаласында Ұлттық ұланның патруліне бомба қойылған автокөлікпен соққы берілді. Одан 3 адам опат болып, 15 кісі, оның ішінде Ұлттық ұланның 4 сарбазы жараланды. Бүгін АҚШ авиациясы Әл-Фалуджа қаласына тағы да әуеден соққы беріп, жергілікті дәрігерлердің хабарлауынша, одан 5 кісі, оның ішінде бір ана мен сәбиі қаза болды. АҚШ армиясы өкілдерінің мәлімдеуінше, әуе соққысы көтерілісшілер тұрғызған баррикадаларды нысанаға алған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG