Accessibility links

Ендігі мұнай бағасы АҚШ Ақ үйі жүргізетін саясатқа байланысты дейді кейбір саясаттанушылар


АҚШ-тағы президент сайлауының әлемдік базардағы мұнай бағасына әсері зор болғаны белгілі. Айталық АҚШ-та өткен президент сайлауында Д.Буштың жеңіске жеткені туралы хабардан кейін Нью-Йорк шикізат биржасындағы мұнай бағасы қымбаттап, тағы да 50 долларлық деңгейден асып кеткені мәлім болып отыр. Мұнай бағасының қымбаттауы қаншаға жалғасады? Қазақстан үшін қандай әсері болады? Осы сұрақтарға жауап іздеп, біз бірнеше қазақстандық экономика саласының сарапшыларын әңгімеге тартқан едік.

Кейбір сарапшылар әлемдік базардағы мұнай бағасының қымбаттауынан шетел мұнайына тәуелді дамушы елдердің, соның ішінде жыл өткен сайын шетелден сатып алатын мұнай көлемі ұлғайып бара жатқан Қытай елінің экономикасы зиян шегетіні жайлы болжамдар айтып жатыр. Ал соңғы кезде Қытайға Қазақстан мұнайын тасымалдауға арналған құбыр желісін тарту жобасы қолға алынып жатқаны мәлім.

Ал қазақстандық бірқатар экономика саласының сарапшылары әлемдік мұнай бағасының соңғы уақытта өсіп кетуінің себебін Америкадағы президент сайлауынан іздеп отыр. Айталық Экономика ғылыми зерттеу институтының қызметкері Асхат Наметшаның айтуынша, ендігі уақытта Д. Буш қатқыл саясат ұстанса, әлі де мұнай бағасы өсе түспек екен.

Дегенмен экономика ғылымдарының докторы, профессор Олег Егоров АҚШ президенті қайта сайланған тұста әлемдік мұнай бағасы 1,3 және 1,5 долларға өсті. Бұл биржа бағамы Буштың саясатына байланысты деген сөз дейді ол.

Алайда академик-ғалым Асқар Жұмаділдаевтың айтуынша, енді әлемдік мұнай бағамымен қатар, саясаттың да сәл тыныстайтын уақыты келген. Себебі, әлемдік мұнай бағамы әлдеқашан Америка ақ үйі жүргізетін саясатқа байлаулы дейді ол.
XS
SM
MD
LG