Accessibility links

Палестина автономиясының президенті Ясир Арафаттың бас көмекшісі бүгін лидердің ес-түссіз жатқаны туралы осыдан бұрынғы хабарлардың барлығын түбегейлі жоққа шығарды


Палестина автономиясының президенті Ясир Арафаттың бас көмекшісі бүгін лидердің ес-түссіз жатқаны туралы осыдан бұрынғы хабарлардың барлығын түбегейлі жоққа шығарды. Набиль Әбу Рдинаның мәлімдеуінше, Палестинаны азат ету ұйымының лидері соңғы тәулікте үш рет есінен танып қалды деген хабардың барлығы “қауесет”. Оның атап көрсетуінше, Ясир Арафат – үдемелі терапия бөліміне – оны тиянақты тексеру үшін ғана жатқызылған: "Президент Арафат ес-түссіз жатқан жоқ, ал сіздер естіген әңгіменің барлығы алып-қашпа сөз. Президент Арафат үдемелі терапия бөлімінде жатыр, өйткені кеше дәрігерлер оны медициналық тексерістен өткізу керек болды. Онсыз оғанем тағайынгдауға болмайды”.
XS
SM
MD
LG