Accessibility links

ЮНУС КАНУНИ: "Егер біз сайлау (Ауғанстандағы) нәтижесін мойындамай, нәтиже ресми түрде жарияланған соң дауыс берудің заңдылығына күмән келтіретін болсақ, онда елдің дағдарысқа ұрынатынына мен сенімдімін"


Ауғанстандағы тұңғыш президент сайлауында Хамид Қарзайдың жеңіске жеткенін оның негізгі бақталастары мойындады. Күні кеше АҚШ қолдап келген уақытша президент Хамид Қарзай сайлаудың жеңімпазы болып жарияланды. Оның басты қарсыласы Юнус Кануни 9 қазандағы сайлаудың нәтижесін ұлт мүддесі үшін мойындайды: "Егер біз сайлау нәтижесін мойындамай, нәтиже ресми түрде жарияланған соң дауыс берудің заңдылығына күмән келтіретін болсақ, онда елдің дағдарысқа ұрынатынына мен сенімдімін. Дағдарыс түрлі үміткерлердің жақтастары арасындағы жанжалдан туады. Олардың “уәждері” мен саяси жағдайлары, ақыр соңында, қантөгіс пен ұлтаралық қақтығысқа соқтырады”.
XS
SM
MD
LG