Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш бейсенбі күнгі сөзінде лаңкестікке қарсы күресте одақтастарды бірге күресуге тартамын деп уәде еткен


Сайлаудан кейін тілшілермен болған баспасөз мәслихатында президент Буш Ирақтағы соғысқа қарсы болған елдермен де қызметтес боламын деген.

-Әрбір өркениетті ел Ирақ соғысынан бірер пайдалы қорытынды шығарады. Көрқарас қарама-қайшылығына қарамастан, қас-дұшпан ел бәрімізге ортақ. Халықтарды қорғау үшін, жанжалды елдердегі ауру-дерттер, ашаршылық, кедейшілік пен күрескенде біздің атқарар міндетіміз бір болуы қажет, - деген АҚШ президенті. Ирақтағы әскери қосындар санын көбейту жоспары жөніндегі сураққа Дж.Буш жөнді жауап бермеді.
XS
SM
MD
LG