Accessibility links

Жамбыл облысының Қордай ауданы аумағындағы шекарадан заңсыз өткен Бангладештің 21 азаматы ұсталды

  • Ескендір ЕРТАЙ

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысындағы Қордай ауданынан республика аумағына заңсыз кірген жиырмадан астам бангладештік азаматты тоқтатты. Олардың Тәжікстан және Қырғыз Республикасы арқылы ұсақ топтарға бөлініп енгені анықталды. Сондай-ақ, Қарағанды облыстық көші қон полициясы басқармасы Ақтау кентіндегі асбестцемент зауыты басшыларының Өзбекстан азаматтарын жұмысқа заңсыз тартқанын анықтаған. Қазақстанға көршілес елдердің азаматтарының көбі жұмыс іздеп келсе, енді бір бір бөлігі транзиттік дәліз ретінде Ресейге өтіп кетуге тырысатын көрінеді.

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметкері Ботагөз Ыбыраеваның айтуынша, Жамбыл облысының Қордай ауданына бір топ Бангладеш азаматтарының заңсыз өтіп кетпек болған әрекеттерінің жолы кесілді.

Парламент Мәжілісінің депутаты Уәлихан Қалижан көршілес елдердің азаматтары Қазақстанның оңтүстік облыстарына күн көру қамымен келіп, жазғы маусымдық жұмыстарға жалданып жұмыс істесе, Астана мен Алматы қалаларындағы құрылыс бригадаларында да көп,-дейді.

Астана қаласының тұрғыны Еркін Сабырханов жақында жеке котедж салып алғандығын. онда жалданған өзбек азаматтарының қазақстандық құрылысшыларға қарағанда аз ақша алатындығын, бірақ соған қарамастан сапалы істейтіндігін айтады. Парламент Мәжілісінің депутаты Уәлихан Қалижанның айтуынша, Қазақстанға сауда саттық жасау мақсатымен келген қытайлық азаматтардың тұрақтап қалуға тырысатындары көп,-дейді.

Қазақстанға Қытайдан көшіп келген оралман Еуразия сауда орталығында құрылыс материалдарын сатуды кәсіп ететін Кәкен Иманбай болса, Астанада Қытайдан келген оралмандар саны 40-50 болса, Астанада тұратын қытайлықтардың екі мыңнан да көбейе түскендігіне алаңдаушылық білдіреді.

Қарағанды облыстық көші-қон полициясы басқармасының бас маманы Мұхаметкәрім Баукешовтың айтуынша, аталмыш мекемеге ұлттық қауіпсіздік департаментінен Теміртау қаласындағы Асбестцемент зауытында өзбектердің заңсыз жұмыс жасап жатқандығы жөнінде хабар түскен. Сол бойда іске кіріскен полиция қызметкерлері олардың жартысын ғана ұстап үлгерген көрінеді.

Осы уақиғаға байланысты зауыт басшысының үстінен қылмыстық іс қозғалса, Қазақстанның көші-қон заңын бұзған өзбекстандық жұмысшыларға әкімшілік шара қолданылды. Мұхаметкәрім Баукешов Қарағанды облысы аумағынан жыл басынан бері 1300 шетел азаматының ұсталғандығын, олардың арасында өз елдерінде қылмыс жасап іздеуде жүргендері де болғандығын жасырмайды.

Парламент Мәжілісінің депутаты Уәлихан Қалижан: «Қазақстандағы заңсыз көші-қон үрдісін тәртіпке келтіру үшін Ресейдегідей әрбір адамға арналған визалық ережені енгізген жөн.Өйткені, қазір экстремизм мәселесі күн санап өршіп барады.» Сондықтан шекараны бекемдей түсу қажет деген пікірде.

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда Бангладештен келіп Қордай арқылы Қазақстан аумағында шекараға енген 21 азаматты тергеу барысында 6-ының ғана жеке басын куәлендіретін құжаттары бар болып шықты.
XS
SM
MD
LG