Accessibility links

Бірқатар кәсіпкерлер “Қорғас” кеденіне наразылық білдіруде

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

Алматы қаласындағы 20 мыңнан астам кәсіпкерлердің наразылықтарын жеткізген түрліше қоғамдық ұйымдардың өкілдері Қазақстан мен Қытай арасындағы “Қорғас” кеденінде қалыптасып отырған жағдайға орай өз алаңдаушылықтарын білдіріп отыр. Қазіргі уақытта аталған кеденде әлгі кәсіпкерлердің Қытай тауарларын тиеген 500-ден аса жүк машиналары Қазақстан жағына өте алмай тұр екен. Осыған орай кәсіпкерлер “кеден басшылығы заңды белден басып отырғандықтан ешқандай түсініктеме бермей отыр” дейді.

Алматы қаласындағы 100-ден аса базарларда сауда-саттық істейтін кәсіпкерлердің 80 проценті Қазақстанның “Қорғас” кеден бекетінде жүк машиналарына тиелген тауарларының қыркүйек айынан бері тұрып қалғанына наразылық білдіріп отыр. Қазір “Қорғас” кеден бекетіндегі бес жүз жүк машинасына тиелген тауарлардың Қазақстан жағына жіберілмеуін кеденшілер түсіндіре алмай отыр дейді олар.

Осы екі айдың ішінде кәсіпкерлер жұмысы тоқтап, едәуір зиян шегіп отырмыз дейді кәсіпкер Марат Тампиев. Ол кеденде тұрып қалған жүк машиналарын “Қорғас” кеден бекетінің басшылығы заңсыз ұстап отыр деген пікірін білдірді.

Алайда осы жайтқа орай “Қорғас” кеденіне хабарласқанымызда, мекеме қызметкері Алмас Еңсебаев жүк машиналарының тоқтаусыз өтіп жатқанын жеткізді.

Ал Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығының атқарушы директоры Жібек Әжібаева бұл мәселенің ұзақ уақыттан бері шешімін таппай келе жатқанын жеткізді.

Дегенмен Қазақстан кеденшілері одағының төрағасы Нұрлан Бұршақбаев бұл мәселеде басты кінәлілер кәсіпкерлердің өзі деген пікірін білдірді.

Алматы қалалық шағын және орта бизнес департаментінің директоры Серік Тұржанов болса, кедендік бақылау агенттігінің басқа құрылымдарға қосылып кетуі әкімшілік кедергілерді көбейтіп жіберді деп отыр.

Сөйтіп, Алматылық кәсіпкерлер “Қорғас” кеден бекетінде қалыптасып отырған жайтқа орай, үкімет назарын аудару үшін жұмыс істеп жатқандықтарын жеткізді.
XS
SM
MD
LG