Accessibility links

Иран ядролық мәселесі бүгін тағы талқыланып жатыр


Голландия сыртқы істер министрі Бернерд Бот Еуропа Одағының саммитінде сөйлеген сөзінде Иран ядролық бағдарламасы мәселесінде шешім табуға дипломатиялық шараларды жалғастыруға шақырды. Еуропа Одағының кезекті президенттігі Голландияға өтіп жатыр қазір. Иранның уран байыту қызметін тоқтату мәселесі бүгін Парижде Иран, Британия, Франция және Германия дипломаттары арасында талқыланбақ. Голландия сыртқы істер министрі Бернерд Бот саудасаттық қатынастары және техникалық көмек сияқты жолдарды ұсынып отырмыз деді. Иран әріптестіктен бас тартса Еуропа одағы Америка Құрама Штаттарының ұсынысын қолдап, Иран мәселесі Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінде қаралсын деуге қосылуы мүмкін деді. Иран діни жетекшісі аятолла Әли Хаменеи Тегеранда жұма намазға жиналған ондаған мығ жұртқа қайырылып, Иран ядролық қаруға ұмтылып отырған жоқ деп Иран басшылығының сөзін тағы қайталады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG