Accessibility links

Блейер Ирақ мәселесінде ынтымаққа шақырды


Британия бас министрі Тонни Блейер Еуропа Одағының басшыларына қайырылып, Ирақты қалпына келтіру шаруасында АҚШ басшылығына қайта сайланған Джордж Бушпен серіктес болуға шақырды. Бұл мәселе одақтың 25 мемлекеті қатысып отырған саммиттің мәлімдемесінде жеке көрсетілмек. Тонни Блейр мәлімдемесін бүгін Брюсселде Ирақ уақытша бас министрі Ияд Аллауимен кездескенде жасады. Жұрт шынайы жағдайды түсініп отыр, американдықтармен серіктес болғанымыз маңызды екенін түсінеді, - деп сипаттады Тонни Блейер. Ияд Аллауи Ирақ соғысына қарсы болған Еуропа басшыларына қайырылып, тарихтың аты тарих, оны артта қалдырып, серіктестігіміздің жаңа кезеңін бастайық деді. Аллауи бүгін НАТО бас пәтерінде болды, одақ өкілдеріне үндеу айтты.
XS
SM
MD
LG