Accessibility links

Палестина автономиясының жоғары лауазымды өкілдері бүгін Автономия лидері Ясир Арафаттың денсаулығы бойынша дәрігерлермен ақылдасу мақсатында Парижге ұшуға тиіс


Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, 75 жастағы Ясир Арафаттың денсаулығын білуге Палестинаның премьер-министрі Ахмад Кураи мен сыртқы істер министрі Набиль Шаат баратын сияқты. Қарт лидердің жұбайы делегацияның күйеуіне баруына қарсы. Бүгін Әл-Джазира арнасына берген сұхбатында Саха Арафат ханым: “бұл сапардың мақсаты өзінің көзі тірі күйеуін “жерлеу”, -деп мәлімдеді. Францияның сыртқы істер министрі Мишель Барньенің кеше хабарлағанындай, Арафаттың денсаулығы “бірқалыпты мүшкіл күйде” көрінеді. Кеше Израиль үкіметі Арафатты оның өзі аманат еткендей – Иерусалимде емес, Газа аймағында жерлеуге барлығы сақадай сай деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG