Accessibility links

Африканың батысындағы Кот д'Ивуар елінің үкіметі өзіне қарсы Франция “басқыншылық шарасын” жүзеге асырды деп мәлімдеп отыр


Африканың батысындағы Кот д'Ивуар елінің үкіметі өзіне қарсы Франция “басқыншылық шарасын” жүзеге асырды деп мәлімдеп отыр. Францияның Кот-Д'Ивуарға кірген бітімгершілік күштері кеше ел астанасы - Абиджанның ең маңызды мекемелеріне бақылау орнатты. Оның алдында қалада жергілікті үкіметтің сыбайластары францұз азаматтарына қоқан-лоқылық көрсеткен болатын. Одан бір күн бұрын Кот д'Ивуардың авиациясы күтпеген жерден францұз әскерінің шебіне соққы беріп, 10 адам қаза болды. Өз кезегінде францұздар ол елдің бүкіл әуе күштерін – 2 соғыс ұшағы мен 3 тікұшағын жойды.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG