Accessibility links

Македонияның жергілікті албандарына ұлттық автономия мен кең құқық беру туралы Орхид келісімінің негізгі баптарын жалпыхалықтық референдум арқылы өзгертпек болған әрекет сәтсіз аяқталды


Македонияның жергілікті албандарына ұлттық автономия мен кең құқық беру туралы Орхид келісімінің негізгі баптарын жалпыхалықтық референдум арқылы өзгертпек болған әрекет сәтсіз аяқталды. Македонияның сайлау комиссиясы өкілдерінің хабарлауынша, референдумға дауыс беруге құқы бар халықтың 25 пайызы ғана қатысқан. Референдумның заңдық күші болуы үшін оған халықтың 50 пайызы қатысуға тиіс болатын. Македония үкіметі мен ЕуроОдақ халықты референдумға қатыспауға шақырды.
XS
SM
MD
LG