Accessibility links

Бүгін таңертең Ирақтың Әл-Фаллуджа қаласының іргесінде АҚШ армиясы мен көтерілісшілер арасында кескілескен шайқас болды


Бүгін таңертең Ирақтың Әл-Фаллуджа қаласының іргесінде АҚШ армиясы мен көтерілісшілер арасында кескілескен шайқас болды. Ассошэйтед Пресс агенттігі мен Си-Эн-Эн телекомпаниясының хабарлауынша, АҚШ күштері қалалық бас аурухана мен Ефрат өзені үстіндегі маңызды 2 көпірді басып алды. Әл-Фаллуджа қаласын АҚШ пен Ирақ күштерінің 10 мыңға жуық қолы қоршап тұр. Кеше Ирақтың уақытша үкіметі, премьер-министр Айад Аллауидің көмекшісі хабарлағандай, елдің солтүстігіндегі Күрдістанды қоспағанда, бүкіл елге 60 күндік “төтенше жағдай” орнатты. Ирақтың уақытша премьер-министрі Айад Аллауидің мәлімдеуінше, “төтенше жағдай” – қаңтар айына белгіленген сайлау қарсаңында Ирақ үкіметінің көтерілісті басуға шындап кіріскенін көрсетеді.
XS
SM
MD
LG