Accessibility links

Баспасөзге шолу. 11- 06 - 2004

  • Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ

Апта соңында жарық көрген тәуелсіз басылымдардың бетінде, Қазақстанда билік ауысып, мерзімінен бұрын президенттік сайлаудың өтуі мүмкін екендігі сөз болыпты. Сондай-ақ тәуелсіз басылымдарда Қазақстан халқы байлығының басым бөлігін Александр Машкевичтің иеленіп отырғандығы туралы деректер келтіріліпті.

“Азаттық” радиосының тыңдармандары. Алдымен тыңдармандарды аптаның соңында “Жұма таймс”, яғни “Дата недели” атты тәуелсіз басылымның жарыққа шыққандығымен таныстыра кеткім келеді. Бұл апталық “Дат”, кейіннен “Солдат” деген атпен жарыққа шығып, соттың шешімімен жабылып қалған басылымдардың заңды жалғасы болып табылады. Газет аптасына бір рет он алты бет болып шығады. “Жұма таймс” яғни “Дата недели” басылымының тұсаукесер санында “Қазақгейттен не хабар” атты редакциялық мақала жарық көріпті. Мақалада Америка Құрама Штатындағы “Қазақгейтке” қатысты сот процесінің кейінге қалдырылуы мүмкін екендігі туралы болжам жасалыныпты. Мақала авторы соттың қаңтар айына қалдырылуы Америка Құрама Штатының заңы тұрғысынан алғанда қалыпты құбылыс екендігін айта келіп, алдағы өткен сот процестерінің бірінде Джеймс Гиффеннің Америка Құрама Штаттарының барлау органдарына қатысым бар, мені агенттікке тартқан барлау органдары ” деп мәлімдегеніне айрықша тоқталыпты. Сарапшылардың айтуына қарағанда, Джеймс Гиффен Орталық Барлау басқармасына қатысым бар деп мәлімдегеннен кейін, адвокаттар көп томдық іспен танысу үстінде көрінеді. Мақала авторының айтуынша, сот отырысының кейінге қалдырылуына да негізініне осы оқиға себеп болыпты. Саясаттанушы Петр Своиктың пікірінше, Америка Құрама Штатында болатын “Қазақгейт” оқиғасына байланысты Қазақстанда мерзімінен бұрын президенттік сайлау өтуі ықтимал. Бұл туралы ол “Республика” газетінде жарық көрген Қазақстандағы болып жатқан саяси оқиғаларды сарапатай отырып жазған талдау мақаласында айтыпты. Петр Своик Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің орнына отырғызып кететін мұрагер іздеп жатыр деген болжамдардың бәрі қисынға келмейді деп есептейді. Оның пікірінше мұның түрлі себептері бір. Мақала авторының айтуынша, президенттің орнына келген мұрагер, отбасының ішіндегі теке-тірестің ашық сипат алуына мұрындық болады. “Сол себептен де Нұрұлтан Назарбаев пен оның отбасының жан тыныштығының және ол құрған жүйенің жалғыз кепілі Нұрсұлтан Назарбаев болып табылады. Сондықтан да Нұрсұлтан Назарбаев өз билігін ешкімге бере алмайды. Бұл обьективтік жағдай” дейді Петр Своик. Саясаткер Сейдахмет Құттықадам “Эпоха” басылымына берген сұхбатында егер Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайлауға түсетін болса, бұл оның ең үлкен қателігі болып саналады деген ой айтыпты. “Назарбаев халықтың еркіне қарсы шығып, өз кандидатурасын өткізіп, билік басында тағы бір бес алты жыл отырғаннан не ұтады” деген саясаткер Сейдахмет Құттықадам Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркіменбашы секілді болғысы келетінін, алайда қазақ халқының ондайға жол бермейтіндігін атап өтіпті. Тәуелсіз басылымдар Қазақстандағы ең ірі олигархтардың бірі деп жазып жүрген Александр Машкевич та апта соңында жарық көрген басылымдардың сынына ұшырапты. “Сөз” газетінің кезекті санында жарық көрген “Қазақстанды кім иеленіп отыр” деген мақалада Қазақстан халқы байлығының басым бөлігін Александр Машкевичтің иеленіп отырғандығы туралы деректер келтіріліпті. Сондай-ақ мақалада Александр Машкевичке үстінен кейбір шет мемлекеттерде қылмыстық істің қозғалғандығы туралы да айтылыпты. Мақалада Белгияның Бас прокуратурасының жауапты қызметкерінің “бұл іс енді сотқа беріледі” деген сөзі мысалға келтіріліпті. “Ана тілі” апталығында жарық көрген “Қазақстан байлығының мұрагері Машкевич пе, әлде қара қазанда қара су қайнатқан қазақ па” деген мақалада Александр Машкевичтің қалай тез байығандығы сөз болыпты. Мақалада келтірілген деректерге жүгінсек, он миллиард доллар тұратын Испат Карметті кезінде, Александр Машкевич бар-жоғы 70 миллион долларға сатып алған. “Израильде жарық көретін “Гаарец”газетінің ақпараттарына сүйенсек, Машкевичтің Қазақстан байлығының үштен екісін бауырына басып алғанына көзіміз жетеді” деп жазады “Ана тілі” басылымы. “Ақ жол Қазақстан” басылымында жарық көрген “Қазақстан қалай сатылды” атты мақалада Александр Машкевичтің баюына Назарбаев басқарған мемлекеттік апараттың кеңінен жол салып бергендігі тілге тиек етіліпті. Осыған дәлел ретінде мақалада Александр Машкевичтің 1999 жылдың соңында Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка Құрама Штатына сапарын ұйымдастырғандығы туралы деректер мысалға келтіріліпті. Мақала авторының айтуынша, Қазақстанның өндірісін иемденіп алғаннан кейін, Александр Машкевич энергетика саласына да ауыз салған. Оның топ-менеджменті “Қазақойлды” дәлірек айтсақ, Херсон ғылыми өндірістің комбинатын де жекешелендіріп алған. Қадірменді Азаттық радиосының тыңдармандары. Апта соңында жарық көрген тәуелсіз басылымдардың баса назар аударған тақырыбы осы. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Келесі баспасөзге шолуымызды сіздер сейсенбі, яғни қарашаның тоғызы күні тыңдай аласыздар.
XS
SM
MD
LG