Accessibility links

Иранның ядролық бағдарламасына орай даулы мәселені шешу барысында аталған ел және Еуропа одағы ресми өкілдері алдын-ала келісімге қол жеткізді


Мұның өзі Париждегі екі күндік кездесуден кейін мүмкін болды. Иран өкілінің айтуынша аталған құжатта екі жақтың да көзқарастары қамтылған. Келісімшартқа байланысты Иран мен Британия, Франция, Германия арасында келіссөздер жалғаспақшы. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тарапынан салынуы мүмкін тиымдарды болдырмас үшін ресми Техранның уранды байыту ісін тоқтатуы қаралуда. Бұл сауалға орай Халықаралық Атом энергиялық агенттігінің кездесуі қарашаның 25-де болмақшы. Ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатта жүргізіліп жатқандығын Иран тарапы қайталап келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG