Accessibility links

Ирақ аралық өкіметі 60 күнге Төтенше жағдай жариялады


Бұл тәртіп тек елдің солтүстігіндегі Күрд аймағына ғана жүрмейтін болады. Бұл шараның егжей-тегжейі ертең хабарланбақшы. Ирақтың Әл-Анбар провинциясында көтерілісшілер полиция бекетіне шабуыл жасады. Оның кесірінен 22 адам қаза болды. Олардың 7-уі полиция қызметкерлері екен. Бомбалар мен басқа да қаруларды пайдалана отырып, көтерілісшілер Бағдаттың солтүстік-батысындағы екі полиция бекетін де нысанаға алған болатын. Ондағы кісі шығыны да 21 болып отыр. Фалужада 10 мыңдай Америка әскерилері пәрменді шабуылдарға шоғырлануда. Бүгін сондай-ақ теңіз-жаяу әскерлері қала ішіндегі көтерілісшілерді артиллериядан атқылады. Шығындар жайында нақты дерек айта қою қиынға соғуда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG