Accessibility links

Палестина автономиясының жоғары мәртебелі өкілдері Автономия президенті Ясир Арафаттың халін білу үшін Парижге келді


Палестина автономиясының жоғары мәртебелі өкілдері Автономия президенті Ясир Арафаттың халін білу үшін Парижге келді. “Палестинаны азат ету қозғалысының” Бас хатшысы Махмуд Аббас, премьер-министр Ахмад Кураи және сыртқы істер министрі Набиль Шаат Арафаттың әйелі Суханың сыни мәлімдемесінен соң президентке баруын кейінге қалдырды. Арабтардың Әл-Жазира телекомпаниясына берген сұхбатында Суха Арафат Палестина өкілдерін “Арафатты тірідей жерлемекші” деп айыптады. Алайда Арафаттың кеңесшісі Мухаммад Рашид: “Бұл сапар бүкіл ұлттың мүддесі үшін қажет”, -деп түсіндірді: “Бұл үлкен жауапкершілік және бұл осында келген Арафаттың кеңесшілері мен Палестина өкілдерінің жеке бастарының ісі емес. Бұл – жеке отбасының президент кеңсесінің ісі емес. бұл енді бүкіл ұлттың ісі”.
XS
SM
MD
LG