Accessibility links

Ирақтың уақытша премьер-министрі Айад Аллауидің “бата” беруімен АҚШ армиясы мен Ирақ күштері Әл-Фаллуджа қаласына көптен жоспарланған жорығын басталды


Шабуылға АҚШ-тың 10-15 мыңдық қолы мен Ирақтың бірнеше жүз жауынгері қатысуда. Олар Әл-Фаллуджадағы орталық аурухана мен Ефрат өзені үстіндегі 2 көпірді және темір жол бекетін бақылауға алды. Ирақтағы АҚШ күштерінің бас қолбасшысы Джордж Кейсидің пікірінше, кескілескен қақтығыс бірнеше күнге созылады. Вашингтонда АҚШ-тың қорғаныс министрі Дональд Рамсфелд Әл-Фаллуджаға шабуыл жасамай болмады деп мәлімдеді. Оның пікірінше, "егер Ирақ бостандық алып, бейбіт қоғамға айналуға тиіс болса, елдің бір бөлігі Саддам Хусеин режимі қалдықтарының террористік, қылмыстық тәртібімен қала алмайды. Әл-Фаллуджа қаласына бекінген қылмыскерлерді саяси уәжге келуге көндіру үшін қадамдар жасалды. Алайда олар қантөгіс жолын қалады”.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG