Accessibility links

Франция Қазақстанмен мұнай-газ саласында ғана емес басқа да салалар бойынша да ынтымақтастыққа мүдделлі

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Қазақстанда сапармен жүрген Франция Индустрия министрі Патрик Деведжян сейсенбі күні Мемлекет басшысымен, Парламент Сенатының және Мәжілісінің төрағаларымен, үкімет басшысымен кездесті.

Франция индустрия министрінің Қазақстанға сапары 2005 жылы Франция Президенті Жак Ширактың Қазақстанға келуі сапарына дайындық барысы болып отыр.

Мемелекет басшысымен кездесуінде Патрик Деведжян Франция Президентінің жақын уақыттарда Қазақстанға келу ниеті туралы айтылған жолдамасын табыстады.

Парламент Сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаевпен кездесуінде Франция индустрия министрі Патрик Деведжян Қазақстанның әлемдік сауда ұйымына енуіне және 2009 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету ниетін Француз Республикасының қолдайтынын айтты.

Сенат төрағасы Нұртай Әбіқаев Қазақстандағы ішкі тұрақтылыққа және экономикада қол жеткен жетістіктерге тоқталып, Қазақстан мен Франция мүдделерінің көп мәселеде тоғысатынын атап өтті.

Мейманның Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджановпен кездесуінде парламентаралық ынтымақтастықтың дамытылуы сөз болды.

Мәжіліс төрағасы екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынасқа да тоқталды. Орал Мұхмеджановтың айтуынша, осы жылдың сегіз айында екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 6 есеге өскен.

Патрик Деведжян Фрнацияның Қазақстанмен мұнай-газ саласында ғана емес басқа да салаларда ынтымақтастық орнатуға ниеті барын айтты. Бұл темір жол көлігі, Алкател, Толес компаниялары белсенді жұмыс жасайтын теле коммуникация салалары дей келе, ауылшаруашылығы және сумен қамтамасыз ету саласында ынтымақтастықтың келешегі барын атады.

Ал, Үкімет басшысы Даниал Ахметов Патрик Деведжян мырзаға «Тотал» француз компаниясының Каспий теңізі қайраңында жақсы жұмыс істеп жатқанын, компания ұстанымының көп мәселеде Қзаақстан үкіметі бағытымен үйлесетінін атап айтты.

Таяуда Лондонда болған келіссөздерде Сіздің компанияның Қазақстанның солтүстік Каспий концорциумы акциясы бөлігін алуға ниетін қолдағанына біз ризамыз. Бұл мұнай-газ саласында ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге жақсы негіз болады деп есептейміз деді Үкімет басшысы. Сіздің компаниямен бірге Қазақстан мұнайын басқа елдер арқылы бағыттау мүмкіндігіне талдаулар жүргізудеміз, яғни бұл алдымен Иран арқылы Парсы шығанағына шығуға деді Үкімет басшысы.

Даниал Ахметов басқа да мәселелерге тоқталды. Ол Қазақстанда көбісі сатуға немесе мұнай өндіруге ықыласты. Бірлескен бизнес, кәсіпорын құруға, жаңа технология тартуға ниеттілер аз. Сіздің сапарыңыздан соң шешімді өзгерістер болар деген ойын білдірді. Сондай-ақ ол компаниялар мұнай-газ саласынан басқа жүйелерге жаңа технологияларды тартқан жағдайда олардың мұнай-кен орындарын тең жағдайларда қол жеткізетін заң қабылданғанын айтты. Сонымен бірге ядролық энергетика және технолоия саласында ынтымақтастыққа да мүмкіндіктердің барын атады. Өз сөзінде мейман «Тотал» компаниясымен ынтықмақтасты дамытуға әсіресе Қазақстан мұнайын Иран бағытына экспорт жобасының ілгерілуіне ризамыз деген ойын білдірді. Сондай-ақ газ секторында ынтымақтастықтың келешегі барын атады.
XS
SM
MD
LG