Accessibility links

Бүгін сейсенбіде Франциялық ресмилер Париж маңайында емделуде жатқан Ясер Арафаттың жағдайымен таныспақ болған Палестиналық жетекшілердің тізімін талқылаған


Франция сыртқы істер министрі Барниердің айтуынша, Палестина жетекшілігінің Арафатпен кездесу мүмкіндігі бұл рұхсат берілуі тиіс табиғи нәрсе. Ал Арафаттың зайыбы Суха ханым болса ресми жетекшіліктің Ясер Арафатқа кіріп көруін қаламайды екен. Соңғы сәтте Парижден келіп түскен хабарға қарағанда, Арафаттың жағдайы одан әрі нашарлай түскен. Бұл жөнінде бас дәрігер Естрипа хабарлаған. 75 тегі Палестин елі жетекшісі Франциядағы әскери ауруханада қан дертінен арнайы ем алуда.
XS
SM
MD
LG