Accessibility links

Үш мыңнан аса қылмыскер бостандықта жүр

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Қазақстан Республикасы Әшкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдың тоғыз айында қазақстандық полицейлер тергеуден, анықтау мен соттан қашып жүрген 10370 азаматқа іздестіру жариялап нәтижесінде 7055 адамды қолға түсірген. Ал, табылмағандар саны- 3315 адам.

Ішік істер министрілігінің баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, заңсыз жағдайда жүрген айыпталушылардың жаңа, тіпті аса ауыр қылмыстарды жасау оқиғалары аз емес.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Мүсілім Малғажаровтың айтуынша, іздеу салынған адамдар әртүрлі қылмыстар жасаған. Іздестіруде жүргендердің ішінде кісі өлтірген 416 адамның 146-ы ұсталды, 270-і іздестірілуде, денсаулыққа ауыр зиян келтірген 344 адамның 163-і ұсталды, ал 181 іздестірілуде дейді ол.

Ішкі істер министрлігінің көші-қон полициясы департаменті бастығының орынбасары Балтабек Абылаев осы жылдың тоғыз айында Қазақстанға алыс шетелден келген 2827 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 342-і Қазақстаннан шығарылды. Ал, Тәуелсіз елдер достастығы мемлекеттерінің 42 мың 390 азаматы әртүрлі әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп отыр.

Балтабек Абылаевтің айтуынша, сот шешімін орындамағандар арасында шетел және Қазақстан азаматтары бар.

Ал, Қазақстан Респбуликасы бас Прокуратурасы жанындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің бас маманы Мұрат Досановтың айтуынша, алыс шет ел азаматтары осы жылдың тоғыз айында Қазақстанда 56 қылмыс жасаған.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Мүсілім Малғажаровтың айтуынша, Қазақстанның Ішкі істер министрлігі іздестіру жұмысын жандандыру мақсатындағы 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламада іздестіру жұмысын ұйымдастырудың жаңа нысандары мен әдістерін әзірлеу көзделіпті Ал, іздеудегі адам пәтер, автомашина сатып, республика аумағынан кеткенде іздестіру бірталай шығын келтіреді. Осыған байланысты бағядарламаны жүзеге асыруда іздеудегі адамдардың нотариалдық кеңеселерге келгені туралы ақпаратты ішкі істер органдарына беру туралы ұсыныс көзделіп отыр, дейді Мүсілім Малғажаров.
XS
SM
MD
LG