Accessibility links

Павлодардағы бір колонияда алғаш рет кәсіптік-техникалық білім беретін училище ашылды

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

Павлодар облысында орналасқан түзеу мекемелерінің арасында АП 162/2-мекемесінде облыста алғаш рет кәсіптік-техникалық білім беретін училище ашылды. Бұл бастамаға мұрындық болған облыстық білім департаменті екен. Әрі онда кәсіптік-техникалық білім беретін оқытушылардың жалақы мәселесі мен оқуға қажетті барлық шығынды да облыстық білім департаменті көтеріп отыр.

Павлодар обылысындағы АП 162/2-мекемесінде жазасын өтеп жатқандар жаңадан жұмысшы мамандықтарына үйреніп, оқу курсын аяқтаған соң мамандықты игергені жайлы тиісті куәлік алып шығатын болады. Ал оқытушылардың еңбекақысы білім департаментінің есебінен төленеді екен. Жақын болашақта мұндай оқу курстарын Павлодардағы басқа да түзеу мекемелерінде қолға алу жоспарланып отырған көрінеді. Қазіргі уақытта Қазақстандағы түзеу мекемесінде отырған адам саны қанша? Олар еңбекпен қамтылған ба? Бұлардың арасында ешқандай білімі жоқ адмадардың, әсіресе жастардың үлесі қандай? Республиканың қылмыстық атқару жүйесі комитетінде бұл бағытта қандай жұмыстар бар? Қамаудағылардың құқықтарымен айналысаты қоғамдық ұйымдар тарапынан қандай ұсыныс-тілектер бар? Павлодар облысында орналасқан колонияларда қылмыстық жазасын өтеп жатқандардың басым көпшілігі жастар дейді қылмыстық атқару жүйесі комитетінің облыстық басқармасының басшылығы. Ал олардың дені ешқандай мамандық иесі емес екен. Тіпті орта білім алмағандары да жетіп артылатындықтан бұл мәселеге облыстық білім департаменті кешенді бағдарлама түзіп кіріскелі отыр екен. Павлодар облысында орналасқан түзеу мекемелерінің арасында АП 162/2-мекемесінде облыста алғаш рет кәсіптік-техникалық білім беретін училище ашылуы соның бастамасы дейді облыстық білім департаментінің бөлім бастығы Анна Нұриддинқызы. Және ол жалпы облыста орналасқан колонияларда қылмыстық жазасын өтеп жатқан 5 мыңнан аса азаматтар бұл бастамаға ерікті түрде тартылатындығын алға тартты. Алдымен он бірінші сыныпқа дейінгі білім беріледі. Содан кейін газбен дәнекерлеуші және токарь мамандықтары жылға жуық оқытылып, соңында диплом тапсыратын боламыз дейді Анна Нұриддинқызы.

Ал қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Павлодар облыстық басқармасының тәрбие мәселелері жөніндегі қызметкері Борис Виктрович биыл облыстағы колонияларда екі кәсіптік-техникалық білім беретін училище мен екі жалпы орта білім беретін мектептер ашылды дейді.

Алайда осы мәселеге орай ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бас еңбек инспекторы Серікқали Бисеқаевқа хабарласқанымызда, ол сотталған азаматтардың еңбек құқығы мәселесімен тек Әділет министрлігі ғана айналыса алатындығын айтты. Бірақта, сотталған азаматтарды мамандық бойынша оқытқанымен болашақта оларды колониялар жұмыспен қамтамасыз ете алмайды дейді.

Дегенмен Павлодар облысындағы орналасқан түзеу мекемелерінің арасында алғаш рет ашылған кәсіптік-техникалық білім беретін училищеде қазір 105 адам оқып жүр. Болашақта оларды жұмыспен қамтуға мүмкіндік бар дейді қылмыстық атқару жүйесі комитетінің облыстық басқармасының қызметкері Валерий Михайлов.

Сондай-ақ Ғылым және білім министрлігінің баспасөз хатшысы Жанар Омарова мұндай калониялардағы ашылып жатқан мектептер мен кәсіптік-техникалық училищелер тек қана жергілікті білім департаменттері арқылы ғана жүзеге асатындығын айтады.

Сонымен қатар келесі жылы тағы да осы іспеттес кәсіптік-техникалық білім беретін училищені екінші бір колониядан ашпақ ойымыз бар дейді Павлодар облыстық білім департаментінің басшылығы.

Арнайы “Азаттық” радиосы үшін, Алматыдан Болатбек Төлепберген.
XS
SM
MD
LG