Accessibility links

Ресейдің Қарашай-Черкес республикасының президенті шерушілер талабына көнбейтіндігін айтты


Мұстафа Батдиев өз күйеу баласын бірқатар кісі өлімдеріне қатысы бар деп айыптап, сондықтан өзін мемлекет басынан кетсін деген шерушілердің талабына мойынұсынбайтындығын айтқан. Черкескіде кеше жүздеген шерушілер үкімет үйін қоршап басып алған болатын. Ресей Бас прокурорының орынбасары Николай Шеппел бүгін наразылық білдірушілермен кездескен: -Менің ойымша заңсыз тәсілдермен мақсатқа жетуге ұмтылғандарға жол беруге болмайды. Бұның заңдық бағасы берілетін болады. Бұл жайттарды толық тексеріп зерттейтін боламыз,-деп уәде еткен ол. Черкескіде өткен айда жеті кәсіпкер жоғалып кеткен, жақында табылған жеті адамның мәйіті солардікі болуы мүмкін деп жобалаған олардың туыстары, кәсіпкерлердің өліміне президенттің күйеу баласы Али Кайтовтың қатысы бар деп айыптап отыр. Өткен айдың аяғынан бері полицияда қамауда отырған Кайтов өзінің бұндай қылмыстарға еш қатысы жоқтығын айтуда.
XS
SM
MD
LG