Accessibility links

Ирақ уақытша үкіметінің өкілі Ирақ премер-министрі Ияд Аллауи отбасының үш адамы ұрланып кетті деп айтқан


Үкіметтік өкіл Саданың айтуынша, Аллауидің немере бауыры мен оның әйелі және отбасына жақын тағы бір адам сейсенбі күні таңертең Бағдадтағы үйлерінен қарулы біреулердің қолына түскен. Аллауидің Ұлттық келісім партиясының өкілі Муна Али Азаттық радиосына былай деген. 111028 Біздің ең соңғы алған ақпаратымыз қолға түскендер Ғази Аллауи мен оның әйелі жане келіні екендігі. Олар Бағдадтағы үйлерінен шығып бара жатқанда ұрланған. Интернеттегі малімдемеге қарағанда, Аллауидің жақындарын кепілдікке алғандар Ансар әл-Жихад деп аталатын исламдық топ көрінеді. Топ егер 48 сағаттың ішінде Фаллужаға шабуыл тоқтатылып, тұтқындалғандар босатылмаса, кепілдікке алғандарды өлтіреміз деген. Бірақ бұл мәлімдеменің қаншалықты шындыққа жанасатындығы тексерілмеген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG