Accessibility links

Израиль полициясы Мордехай Ванануды тағы да қамауға алды


Израиль полициясы Мордехай Ванануды тағы да қамауға алды. Ақпарат агенттіктерінің хабарларына қарағанда, оған тағы да басқа елдерге құпия мәліметтерді берді деген күдік түсіп отыр. Кезінде Вануну – британдық газетке Израильдің атомдық Димона реакторы туралы сұхбат бергені үшін 18 жылға сотталып, өткен сәуір айында ғана босатылған болатын. Сарапшылар әлгі сұхбаттан Израильде ядролық қару бар деген қорытынды шығарды. Израиль жағы оны елдің ядролық құпияларын жария етті деп айыптады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG