Accessibility links

Қарашай-Шеркес республикасының астанасында наразылық білдірушілер жергілікті үкіметтің кеңсесін 2 күн қолында ұстап бүгін босатты


Қарашай-Шеркес республикасының астанасында наразылық білдірушілер жергілікті үкіметтің кеңсесін 2 күн қолында ұстап бүгін босатты. Оған Кремльдің осы аймақтағы өкілетті өкілінің республика жетекшісінің күйеу баласының үйіндегі 7 адамның өліміне қатысты іс тергеліп, айыптылар жазаға тартылады деген уәдесі себеп болды. Ресей президентінің Оңтүстік Федералдық Округіндегі өкілетті өкілі Дмитрий Козактың көмекшісі Қарашай-Шеркес республикасының президенті Мустафа Батдиевтің Черкескідегі кеңсесін қаза болған 7 адамның 50-ге жуық туысы, негізінен қартар кісілер басып алған болаты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG