Accessibility links

Бағдадтың қақ ортасында полиция патрулінің жанында бомба орнатылған автокөлік жарылып, одан кем дегенде 7 адам қаза болып, басқа 18 кісі жараланды


Бүгін Бағдадтың қақ ортасында полиция патрулінің жанында бомба орнатылған автокөлік жарылып, полиция мен дәрігерлердің хабарлауынша, одан кем дегенде 7 адам қаза болып, басқа 18 кісі жараланды. Елдің солтүстігіндегі Киркук қаласында да автобомба өлке әкімін алып келе жатқан автокеруеннің жанында жарылып, одан тағы 14 адам жараланды. Мосул қаласында көтерілісшілер полицияның бірнеше кеңсесін өртеп, көшеде қаруымен серуендеп жүр. Бүгін Ирақтағы сүннит мұсылмандарының бас қаласы болып табылатын Әл-Фаллуджадағы көтерісті басу мақсатындағы шайқас қайта жалғасып, АҚШ армиясы қаланы тағы да әуеден де, зеңбіректерден де атқылауда. АҚШ армиясы өкілдерінің мәлімдеуінше, АҚШ пен Ирақтың бірлескен күштері қаланың 70 пайызға жуық аумағына бақылау орнатты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG