Accessibility links

Дүние жүзі елдерінің жетекшілері бүгін Палестина президенті Ясир Арафаттың таң алдындағы 3.30-да дүние салуына байланысты өз пікірлерін білдіруде


Дүние жүзі елдерінің жетекшілері бүгін Палестина президенті Ясир Арафаттың таң алдындағы 3.30-да дүние салуына байланысты өз пікірлерін білдіруде. Израиль премьер-министрі Ариэль Шарон Я.Арафаттың өлімі Палестинамен арадағы бітімге алып келуі мүмкін деген үмітін жасырмады. А.Шарон. сонымен қатар, Иордан өзенініңғ Батыс жағалауындағы кейбір жерді алып, Газа аймағынан кету жоспарын жүзеге асыратынын тағы да баса айтты. Ол жерді Палестина тәуелсіз мемлекет құруға қажет деп есептейді. Әлемнің басқа елдері болса, көңіл айтуда. Париж түбіндегі Арафат жатқан ауруханаға келген францұз президенті Жак Ширак журналистер алдында: “Мен президент Ясир Арафатқа тағзым ету үшін және өзімнің оған деген құрметімді көрсету үшін келдім. Мен оның әйелін, отбасына және туыстарына өзімнің шын көңілімді айттым”, -деп атап көрсетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG